6.04.2019, 12:42
Оқылды: 21

Оралда сенбілік басталды

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов "Жұлдыз" ықшамауданында өтіп жатқан сенбілікке қатысты.

IMG-20190406-WA0007Нөмірі 5 және 33 автобустардың соңғы аялдамасында тұрған қоқыс салатын жәшіктердің айналасынан бастап, жол бойы ұзынан шұбап қоқыспен былғанып жатыр. Сенбілікке жан-жақтан жиналғандар сіркіреп жауған жаңбырға қарамастан тазалық жұмыстарына білек сыбана кірісті.

- Тұрғындар қыс бойы осы жерге қоқыстарын тастайды. Біз келіп тазалап беруіміз керек. Осы дұрыс па? Сенбілікке "Жұлдыз" шағынауданының тұрғындарын да шығару керек, - деген облыс басшысы тазалық жұмыстарына осы жердің тұрғындарының да атсалысуы қажеттігін айтты. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі Роман Жумиевтің айтуынша, бұл жердегі сенбілікке облыс әкімі аппаратының және Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері, студенттер, "Жайық таза қала" ЖШС жұмысшылары мен техникасы жұмылдырылды. Жалпықалалық сенбілік 18 мамырға дейін жалғасады.

IMG-20190406-WA0004

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале