13.03.2019, 18:50
Оқылды: 23

Оралда төтеншеліктер қауіпсіздік ережелерін түсіндіру рейдін өткізді

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, құрылымдық және бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері саяжай алқаптарына және бау-бақша серіктестіктеріне су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды ескерту үшін рейд жұмыстарын жүргізуде.

spasateli (3)

         Бүгін БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың басшылығымен «Береке», «Венера» және «Речник» саяжайы ауданында кезекті рейд өткізілді. Профилактикалық жұмыс барысында төтеншеліктер болуы мүмкін су тасқынына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын жасау үшін теледидардағы жаңалықтарға құлақ түріп отыруды, қосымша азық-түлік, киім-кешек алып, құжаттарды қауіпсіз жерге қоюды ескертті.

         Аталған шараға БҚО ТЖД-дан, жергілікті полиция қызметінен, еріктілерден 80 адам жұмылдырылып, 150 үйді аралады.

         Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысы жалғасуда.

spasateli (1) spasateli (2)

БҚО ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале