1.09.2018, 11:30
Оқылды: 47

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтады.
- Құрметті ұстаздар, ардагерлер, ата-аналар, оқушылар, бүгін еліміздің 7 мыңнан астам білім беру ұйымында алғашқы қоңырау соғылуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы жолдауында ең басты ресурсымыз - адами капитал, соның ішінде білім екенін айтты. Ал Назарбаев Зияткерлік мектептерінен түлеп ұшқан балаларымыз әлемнің дамыған мемлекеттерінде білімдерін шыңдап, еліміздің дамуына үлестерін қосуда. Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Әсіресе сынақтан сүрінбей өтіп, мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 7-сынып оқушыларына сәттілік тілеймін. Сіздер бақыттысыздар, өйткені білім деңгейі жоғары шаңыраққа келдіңіздер. Облысымыздағы 380 білім беру ұйымында 100 мыңнан астам бала білім алуда. Мектептерде цифрализациялау жүйесі жүзеге асып жатыр. Облыс бюджетінің жартысынан астамы, 60 млрд. теңге білімге арналуда. Биыл 11 білім ошағы салынуда, соның екеуі жаңа оқу жылында есіктерін ашты. Мұғалімдердің де жалақылары өсіп жатыр. Білімге жұмсалған инвестиция 5-10 жылдан соң елге бес есе қайтарылатынына бек сенімдіміз, жаңа оқу жылы сәтті өтсін!- деді Ғабидолла Абдоллаұлы.
Салтанатты шарада ту көтеру рәсімі робототеxника чемпионатының жеңімпаздары 12-сынып оқушысы Сабыр Арыстанға және 10-сынып оқушысы Серік Даниярға берілді. Ал алғашқы қоңырауды роботеxника жарыстарының жеңімпазы, 12-сынып оқушысы Динара Алманова және іріктеуде 891 ұпаймен ең жоғары нәтиже көрсеткен 7-сынып оқушысы Ерген Серікбаев соқты.
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2012 жылдың 1 қазанында ашылған болатын. Мектеп директоры Тимур Нұркешовтің мәлімдеуінше, биылғы оқу жылында 7-12 сынып аралығында 29 сынып-жиынтығы болса, 586 оқушы білім алмақ. Оның 112-сі 7-сыныпқа жаңадан қабылданды. 117 жергілікті және 5 шетелдік педагог қызмет етеді. Мектеп Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясын алған.
Назарбаев Зияткерлік мектебі өткен оқу жылын сәтті аяқтаған. Шәкірттердің 5-уі xалықаралық, 31-і республикалық, 38-і облыстық олимпиада, ғылыми жобалар және түрлі сайыстарда жеңімпаз атанған.
Мектептің 13 педагогы жаңартылған білім беру бағдарламасы оқулықтарының авторы болып табылады.
Айымгүл Төлеуғали
zhaikpress.kz
IMG-20180901-WA0046
IMG-20180901-WA0055
IMG-20180901-WA0054 IMG-20180901-WA0056 IMG-20180901-WA0051 IMG-20180901-WA0049 IMG-20180901-WA0048
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале