15.04.2019, 12:37
Оқылды: 17

Оралдық зияткерлер халықаралық конкурстан үш алтын медаль қанжығалады

Оралдық зияткерлер Алматы қаласында өткен «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық конкурсынан жүлдемен оралды. 11-сынып оқушысы Ержан Жамашев пен 10-сынып оқушысы Данияр Жарқынұлы «Компьютерлік бағдарламалау», ал 9-сынып оқушысы Эламир Кадыргалеев «Жабдықтарды басқару жүйесі» секцияларында алтын медаль иеленді.

 ниш

Ержан мен Даниярдың бірлескен «Mojidet» жобасы – қызмет көрсету сапасын анықтаудың автоматтандырылған жүйесі. Арнайы камераның көмегімен тұтынушының көңіл-күйін білуге болады. Жас бағдарламашылардың айтуынша, аталған жобаны мектептің оқушыларының құралған команда дайындады.

– Жазда акселерациялық бағдарламаға өтінім бермекпіз. Бұдан кейін жобамызды дайын өнім ретінде ұсына аламыз, – дейді Данияр.

– Идея көп. Біз тек жоба жұмыстарымен айналысып қоймай, мектеп оқушыларын қатарымызға қосылуға шақырамыз. Ол үшін арнайы клуб ашқымыз келеді, – дейді алдағы жоспарымен бөліскен Ержан.

Айта кету керек, қос зияткерге Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты тағайындалды. Сонымен қатар Ержан Сүлеймен Демирел атындағы университетте оқуға 50% жеңілдік алды.

Сайыстардан жүлдесіз қайтпайтын Эламирдің «Novel.Oculos» деп аталатын жобасы көзі көрмейтін жандарға арналған. Арнайы бағдарлама айналадағы заттарды тануға мүмкіндік береді. Жаңашыл оқушының бұл жобасы қазылар тарапынан жоғары баға алыпты.

Халықаралық конкурста Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және өзге де елдерден келген қатысушылар жобаларын таныстырған.

Оралдағы Назарбаев зияткерлік

мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале