12.01.2017, 11:50
Оқылды: 28

Соғыс тұтқыны депутаттан әділдік сұрады

Intimaktik turali zan  «Нұр Отан» партиясы облыстық ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамал, Гүлжан Қарағұсова және Татьяна Яковлевалар өңіріміздің азаматтарын арыз шағымдары бойынша қабылдады.


  Қабылдауға Орал қаласының 13 тұрғыны келді. Орал қаласының тұрғыны Ж.Ерғали үй кезегі мәселесін айтып шағымданса, әскери зейнеткер Б.Ізмұханбетов өзінің мәртебесінің Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестіргенін айта келіп, мемлекет тарапынан тағайындалған 35 мың зейнетақының тым мардымсыз екеніне қынжылыс білдірді.

  Екінші дүниежүзілік соғыста өлім лагерінің тұтқыны болған Орал қаласының тұрғыны И. Дунько үй кезегінде 2005 жылдан бері тұрады екен. Бұрын ол алтыншы санаттағы бала кезінен тұтқында, Ленинград құрсауына болғандардың және басқасының тізімінде тұрыпты. Кейін оны сегізінші санатқа – тыл ардагерлерінің қатарына ауыстырып жіберген. Осы әділетсіздікті түзетуді сұрайды.

  Депутаттар соның ішінде Гүлжан Қарағұсова айтылған арыз-шағымдар бойынша өзі тікелей араласып шешуге күш салатынын айтты. Жекелеген мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Серік Сүлейменге тапсырма беріп, нәтижесін өзіне хабарлауын ұсынды.

Серік Ихсанғали

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале