23.07.2026, 21:00
Оқылды: 140

Тайландта туған сәби Алматыда емделіп, үйіне шығарылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Тайландта (Пхукет) шала туған нәресте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында (ПБХҒО) екі ай бойы өмірі үшін күрестен кейін бүгін үйіне шығарылды.

3f9b878d676ab132f5574f58632d1af4_1280x720

Фото: gov.kz

Кішкентай Аслан Әлиев 1 ай 18 күндік кезінде санитариялық авиация ұшағымен Алматы қаласына ауыр асқынулармен және дене салмағының өте төмен болуына байланысты жеткізілген болатын. Қазақстандық дәрігерлер екі айдан астам уақыт бойы Орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде оның өмірін сақтап қалу үшін күресті.

​Қарқынды терапия барысында Орталық мамандары нәрестенің өміріне қауіп төндіретін жасырын ішек перфорациясын дер кезінде анықтап, шұғыл операция жасады. Операциядан кейін сәби неонатологтар, анестезиолог-реаниматологтар, балалар хирургтары мен мейіргерлерден құралған мультидисциплинарлық топтың тәулік бойы бақылауында болды. Кешенді емнің арқасында Асланның салмағы 1200 грамға артып, 2500 грамды құрады. Қазір ол оттегі қолдауынсыз өздігінен тыныс алып, табиғи жолмен қоректенеді, ал емдеу мен оңалтудың келесі кезеңі үй жағдайында жалғасады.

​Орталық басшысы Абай Құсайыновтың айтуынша, уақтылы ұйымдастырылған медициналық эвакуация, жедел диагностика және шұғыл хирургиялық араласу баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ сәбидің отбасы бұл қымбат медициналық көмектің толық көлемін мемлекет есебінен тегін алды.

​Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы санитариялық авиация ұлттық шұғыл медициналық көмек жүйесіне толыққанды кіріктірілген жалғыз мемлекет болып саналады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале