17.05.2020, 15:07
Оқылды: 209

Тасқала ауданындағы мектептердің жөндеу жұмыстарына жергілікті халық тартылған

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Тасқала ауданындағы Ақтау ауылдық округіндегі (жоба құны - 50 807,4 мың теңге) дәрігерлік амбулатория ғимараты мен ауылдық орта мектеп-бөбекжай балабақша кешеніне (жоба құны-176 млн теңгені құрайды) күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 

IMG-20200517-WA0030

Сонымен қатар мектеп-бөбекжайының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығына көз жеткізді. Ескі ғимараттың әбден сиқы кеткен. Қазіргі таңда 180 оқушы білім алуда. Және мектеп жанында балабақша да бар. Сонымен бірге үйірмелер де жұмыс жасайды. Дәл осындай күрделі жөндеу жұмыстары Атамекен ауылдындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасында да жүргізіліп жатыр. Жобаның құны-182 868 477,12 теңгені құрайды. Пайдалануға берілу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айы.

- Биыл өздеріңіз көріп тұрғандай ауданымыз бойынша бірнеше нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қай ауылға бармасаңыз да орташа және күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл жерде баса айта кететін жайт, сол аталған жұмыстардың барлығына да жергілікті адамдар жұмысқа тартылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы да жұмысқа шақырылып, отбасын асырауда. Жұмыс көзі ашылған жерде жағдайдың жақсаратыны сөзсіз. Тек еңбек етуден жалықпау керек,- дейді Тасқала ауданының әкімі Алдияр Сансызбайұлы.

IMG-20200517-WA0031

Күрделі жөндеу арқылы 52 жаңа жұмыс орны ашылып, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 26 адам жұмысқа тартылды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақтау ауылдық округі әкімі Нұрсейіт Белгинге жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, білім ошағы жанынан тағы да жұмыс орындарын ашуды тапсырды.

 

Темірболат Тоқмамбетов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале