23.03.2019, 12:52
Оқылды: 19

"Тұңғыш Президентіміздің теңеусіз еңбегі келешек ұрпақ үшін өнеге боп қалмақ"

90 жылдардан бастап ел тізгінін қолына алып, Қазақстанның болашағы мен бағдарына жол салған тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатқанын мәлімдеді. Отыз жыл көлемінде ел басқарған Елбасымыздың Қазақстанның дамуына жол салған әрбір жылы саяси әлеуметтік-экономикалық реформаларға толы болды. Қазақстанның тәуелсіздік туын берік ұстаған Тұңғыш Президентіміздің теңеусіз еңбегі, тарихи сахнадағы қайталанбас беделі бүгінгі ұрпақ үшін және келешек үшін өнегелі тұлға болып қалмақ.

56efe54d620d11458562381

Бүгінгі күні бас қаламыздың әлем таныған қалалардың біріне айналуы оның зәулім сараларының әрбір іргетасы қалануы тұңғыш президентіміздің идеясымен ұштасып келгені баршаға аян. Сарыарқаның төрінде орналасқан Отанымыздың бас қаласы Астана атауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Президент атауын беруі Нұрсұлтан Әбішұлына деген аса маңызды құрмет деп қабылдап, біздің ұжымымыз бұл тарихи оқиғаны қолдайды.

А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі ұжымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале