13.12.2019, 11:20
Оқылды: 234

Ұлттық банктің алтын валюта резерві 28 млрд. долларды құрады

ҚР Ұлттық банкінің алтынвалюта резерві қараша айында 2,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19

«Биылғы 1 желтоқсандағы алдын ала мәлімет бойынша, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 28,7 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын портфелі құнының төмендеуі және банктердің Ұлттық банктегі шоттарынан шетел валютасының жылыстауына байланысты алтынвалюта резервтері қарашада 2,9 пайызға немесе 842 млн. АҚШ долларына төмендеді. Алайда бұл көрсеткіш Үкімет шоттарына валютаның түсуімен ішінара өтелді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаевтың айтуынша, ұлттық қордың активтері 60,5 млрд. АҚШ долларын құрап, қарашада 566 млн. АҚШ долларға ұлғайған.

«11 айда Ұлттық қордың активтерін басқарудан алынған инвестициялық кіріс 3,4 млрд. АҚШ доллары болғанын атап өтер едім», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Ерболат Досаев Қазақстанда ұлттық валютадағы депозиттер арта бастағанын мәлім еткен еді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қазанның соңында 3,1 пайызға, яғни 13,5 трлн теңгеге дейін өскен. «Ұзақ мерзімді кредиттер портфелі 10 айда 3,9 пайызға - 11,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Жаңа кредиттер беру көлемі он айда 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға ұлғайды», - деді ол.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале