6.08.2026, 23:00
Оқылды: 4

Халықты 1 млрд теңге қарызға батырған заңсыз кредитор сотталды

ҚМА мәліметінше, Қостанайда лицензиясыз заңсыз микроқаржылық қызметпен айналысып, халыққа жылдық мөлшерлемесі 120%-ға дейін жететін қарыз берген жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты.

жп ақша (10)

OLX пен Instagram арқылы клиент тартқан айыпталушы азаматтардың ауыр жағдайын пайдаланып, нотариаттық шарттарда қарыз сомасын негізсіз ұлғайтып көрсеткен. Мысалы, 9 млн теңге алған жәбірленушіге 14 млн теңгелік құжат рәсімделіп, кейін еш ақша берілмесе де 18 млн теңгелік тағы бір шарт жасалған, нәтижесінде сот арқылы 26 млн теңге өндіріліп алынған.

Бұл заңсыз әрекеттердің салдарынан 50-ден астам азамат зардап шегіп, қылмыстық жолмен түскен кіріс 1 млрд теңгеден асқан. Сот үкімімен ол 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ қылмыстық табысқа сатып алынған төрт пәтер, екі жер учаскесі және Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500, Hyundai Santa Fe көліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале