22.04.2021, 14:41
Оқылды: 79

Халықты отандық "QazVac" вакцинасымен вакцинациялау қашан басталады?

Отандық "QazVac" вакцинасын қазақстандықтарға егу 26 сәуірде басталады.

вв1

Бүгін COVID-19-ға қарсы қазақстандық «QazVac» (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді. «QazVac» вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі.

«Биылғы жылдың 26 сәуірінде халықты "QazVac" вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясын шығару жоспарланып отыр. Бұдан әрі вакцина өндірісі кезең-кезеңмен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілген «QazVac» (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген.

«QazVac» вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын талап етпейді, олар тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале