17.05.2023, 15:45
Оқылды: 57

Жаңа тарифтік саясат іске асырылады

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» монополиялардың пайдасын шектеу және инфрақұрылымға инвестицияларды қамтамасыз ету қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап өтті.

акша1

 Себебі, елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57% және су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозған. Бұл мәліметтер мәселенің өзектілігін көрсетеді. Тарифтерді жасанды түрде ұстап тұру қызмет көрсету барысындағы іркілістерге, апаттарға, нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Монополиялық нарықтарда «Инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшу қажет.

Осы тапсырманы орындау үшін қазіргі уақытта бірқатар шара, оның ішінде табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша тарифтік саясатты жетілдіру шеңберінде Мемлекет басшысы «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды, онда бірқатар жаңалықтар белгіленді.

Биыл Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтерге тарифтердің айтарлықтай өсуі байқалған жоқ. Мәселен, жылдық инфляция шамамен 20% болған кезде ақылы қызметтер бағасының өсуі 14,1% құрады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысындағы тарифтер соңғы жылдары инфляция индексінің ең төменгі деңгейінен жоғары көтерілмеді, бұл шамамен 4-6%. Яғни, тарифтердің өсу деңгейі айтарлықтай болған жоқ, өйткені 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында тарифтердің өсуіне мораторий қолданылды.

Мысалы, 2019 жылдан бері жылыту тарифтердің өсуі орын алған жоқ, одан кейінгі жылдары суық су тарифінің өсуі 3,69%, кәріз 4,98%, электр энергиясы 10%, газбен жабдықтау халық үшін 1%-ға төмендеді.

Сонымен қатар болашақта инфляция деңгейін, сондай-ақ облыстағы инженерлік инфрақұрылымдардың тозуын ескере отырып, коммуналдық сегменттегі тарифтердің өсуі сөзсіз, бұл айтарлықтай инвестицияларды тартуды талап етеді.

Бүгінгі таңда, Батыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық желілердің тозу деңгейі орта есеппен 60% құрайды, оның ішінде Орал қаласы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің 50,7% (ЖЭО жабдығының тозуы 87,8%) тозған, сумен жабдықтау желілерінің 61,5%, су бұрудың 60%, электр желілерінің 82% тозған. Тексеріс нәтижесінде Орал қаласында жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін «Жайықжылуқуат» АҚ-да жылу желілері мен құрылыстарының тозу деңгейі жоғары және сыни деңгейден асатыны анықталды.

Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақытта желілердің жай-күйін жақсарту және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мақсатында ҚР заңнамасына өзгерістер мен  толықтырулар енгізілді. Мәселен, бұрын бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертудің негіздері стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі, ұсынылатын реттелетін қызметтер көлемінің ұлғаюы, ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық ставкаларының және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өзгеруі және т. б. болып табылды.

Ал заңнамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін қосымша субъектілер өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысын өзгерту, теңгерімге және (немесе) мүлікті сенімгерлік басқаруға алу, бекітілген инвестициялық бағдарламаны ұлғайту сияқты негіздер бойынша жүгіне алады.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер секторының инвестициялық тартымдылығын жақсарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама Тарифтердің, оның ішінде орташа тарифтердің өсуі есебінен инженерлік инфрақұрылымдардың тозу деңгейін төмендетуді көздейді. Тиісінше, аталған жұмыстарды жүзеге асыру, тарифтер деңгейінің айтарлықтай өсуі негізінде  әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелуі ықтимал.

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігі Табиғи монополияларды реттеу

комитетінің Батыс Қазақстан

облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале