7.06.2023, 10:56
Оқылды: 3406

БҚО-да кәсіпкерлер мектептерде турникеттерін орнату кезінде әкімшілік кедергілерге тап болған

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер Орал қаласының қалалық мектептерінің әрекеттеріне шағымданып жүгінді.

8820919da93a4411b156e680398d41ed

Фото: zakon.kz 

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес кәсіпкерлер мектептерде турникеттер орнатуы тиіс.

Оқу орындары төтенше жағдайлар органдарымен келісілгеннен кейін турникет орнатуды талап етті.

Бұл ретте шарттарда мұндай талаптар көзделмеген. Бұл жұмыстардың орындалу мерзімін кешіктіріп және жеткізушілердің міндеттемелерін уақтылы орындауға қауіп төндірді.

Департаменттің ұсынысымен турникеттерді орнату жөніндегі төтенше жағдайлар органының келісім алу бойынша заңсыз практика тоқтатылды, сондай-ақ тауарларды уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын қоюдың алды алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале