1.06.2023, 15:54
Оқылды: 3560

Қызметкері жемқорлық құқық бұзушылық жасаған мекемеге бірқатар ұсыным берілді

30 мамыр күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және «Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ (одан әрі – БҚО ҚІД) басшылығының қатысуымен БҚО ҚІД Бөрлі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына қатысты әскерге шақырушылардың өзінен және олардың ата-аналарынан ҚР Қарулы Күштерге шақырудан кейінге қалдыру және денсаулығына байланысты жарамсыз туралы әскери билетті алуға көмектескені үшін пара алу жайтымен өндірісі аяқталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200 бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды.

IMG_0215

Тергеу барысында қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтардың орын алуына ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстың жолдауына негіз болған БҚО ҚІД басшылығының тарапынан бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бұл  іс-шараның мақсаты ҚІД қызметінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау.

IMG_0212

Сонымен, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшыларымен ҚІД қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпарат жеткізілді және қызмет барысында туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар берілді. Ұсынымды қарау нәтижесі сай БҚО ҚІД басшыларына төмендегілер ұсынылды:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түбімен жоюға және қоғамда сенімділікті арттыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар өткізу;

- бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жайттарының алдын алу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыру, сондай-ақ, парасаттылық, адалдық қағидаларына негізделген қызметкерлердің жеке мінезделуі;

- шешімдер қабылдау кезінде дискрециялық өкілеттіктер бар функционалдық міндеттерді іске асырумен байланысты барлық тәуекел аймақтарды көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасаған жағдайлардың алдын алу, жою, ескерту жұмыстарын күшейту, сондай-ақ, салық саласында заңнамаларды түсіндіру.

IMG_0242

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале