13.08.2019, 18:32
Оқылды: 70

Айтта нанды тегін таратуда

Сырым ауданы, Өлеңті ауылындағы «Сырым НАН» наубайханасы айт мерекесінің құрметіне халыққа нанды тегін беріп жатыр. Күніне 100 нан пісіретін шағын өндіріс орнының бұл қадамға табысы тасығаннан барып отырмағаны белгілі.

dav

Ниетіміз – жақсы ат жинау емес, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайтынын көрсету. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің түпкі мақсаты – адамдардағы жомарттықты, жақсылық жасауға деген ниетті ояту, – дейді наубайхана иелері.

Ауыл тұрғындары жергілікті наубайхананың мейрамға деген құрметіне разы болып жатыр.

dav

dav

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале