10.12.2023, 11:57
Оқылды: 6

Ауыл әкімі сайлауы: "Сайлау барысында іркіліс жоқ"

№247 Қараөзен сайлау учаскесінде өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараөзен ауылдық округі әкімін сайлау өз уақытында басталып, ешқандай кедергісіз жалғасын табуда.

20231210_075148

- Дауыс беруге келген сайлаушылардың белсенділігі де жаман емес. Оған бүгінгі таңдағы тұрғындардың саяси науқанға деген зор жауапкершілігі айқын дәлел бола алады. Алда сайлауға келіп, дауыс берушілер белгіленген уақыт аралығында өз таңдауларын жасап үлгереді деп сенемін, - дейді №247 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Азамат Абуғалиев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

"Жанұямызбен келіп дауыс бердік"

- Осы елдің байырғы тұрғыны болғасын Қараөзен ауылының тыныс-тіршілігі мен оның жарқын болашағы бізді қатты алаңдатаны рас. Сондықтан бүгінгі әкім сайлауында азаматтық мүмкүндігімізді мүлт жібермей, алғашқылардың қатарында жанұямызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Жалпы, қараөзендік ағайындар ауыл әкімін сайлау үшін дауыс беруге белсенді қатысады деп сенемін.

20231210_082054

Болашақта таңдау жасалған әкіммен ауылдастарым туған мекенімізді көркейте береді деп ойлаймын, - дейді алғашқы лекпен дауыс беруге келген ауыл тұрғыны, Болат Бекешев ағамыз.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале