5.03.2021, 12:12
Оқылды: 40

Ауылдағы тілші әже

Алматы қаласынан С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бі­тіріп, туған жерім –  бұрынғы Тайпақ ау­данындағы «Ленин жолы» газеті редакциясында алғашқы еңбек жолымды бастадым. Одан бұры­­нырықта 1-2-курстарда оқып жүр­генімде өндірістік тәжірибеден өткен едім. Сонда «Есенсай» кеңшарынан Мерует Қауымбаева есімді оқырманымыз штаттан тыс тілші деп шиырып қол қойып, ауылдағы жаңалықтарды күні-түн  боратып жазатын. Аудандық газет редакторы, марқұм Алғали Мерғалиев: «Жылдам қорытып, нөмірге бере ғой», – деп маған беретін. «Апырым-ай, мына кісінің мақала  жазудан басқа жұмысы жоқ па екен?!» – деп таңғалушы едім. Оқу  бітіріп келген жылы күзде ісса­пармен Жайықтың бұқар бетінде­гі ауылдарға бардым. Жолшыбай  Есенсайға соғуға тура келді. Өйт­кені Гена Маркелов есімді ағай аудандық газеттің уақтылы қол­ға тимейтініне шағымданған. Өзі­нің ұлты орыс болғанымен, қазақ тілінде газет оқиды. Тайпақ жа­ғында қазақша жатық сөйлейтін өзге диаспораның өкілдері көп болғанмен, олардың бәрі бірдей қазақша газет оқи бермейтін.

F1B1FD69-3438-45FB-8918-DA11D9BD5FB3

Сондықтан қазақ газетін оқитын,  кеңшарда токарь болып жұмыс  істейтін көзі ашық, көкірегі ояу  оқырманның хатындағы мән-жайды білмекке Есенсай ауылындағы поштаға бардым. Барсам, поштаның бастығы Мерует апа екен. Мақала үсті-үстіне жазатын  апамызбен таныстығымыз осылай басталды.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №18 санынан оқи аласыздар.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале