10.01.2020, 11:11
Оқылды: 56

Бəйтерек ауданы əкімінің елді мекендер тұрғындарымен есептік кездесуі басталды

Бүгін Бəйтерек ауданының əкімі Асхат Шахаров пен Янайкин ауылдық округінің əкімі Ауған Алмурзиннің елді мекен тұрғындарымен есептік кездесулері басталды.

baiterek (2)

Аудан əкімі ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2020 жылға жоспарланған жұмыстар туралы есеп берді.

Одан соң Янайкин ауылдық округінің əкімі Ауған Алмурзин округтің тыныс-тіршілігін баяндады.

Есепті кездесуде сөз алған ауыл тұрғындары аудан, округ əкімдерінің өткен жылғы атқарған жұмыстарына оң баға берді.

baiterek (1)

Янайкин ауылында өткен есептік кездесуге аудандық мəслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, аудандық орталық аурухана директоры Тимур Мусағалиев, аудандық полиция бөлімінің басшысы  Сұлтан Шалдарбеков, аудвндық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыров қатысты.

Айта кету керек, қаңтардың 10-17-сі күндері аралығында барлығы 22 ауылдық округте тұрғындармен есептік кездесу өтеді.

Ертай Бимұханов,

суреттерді түсірген Сəлім Мəмбетəлиев

Бəйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале