15.04.2019, 11:58
Оқылды: 28

Баскетболдан мықтылар анықталды

Бөрлі ауданындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан БҚО чемпионаты өтті.

IMG-20190414-WA0005

            Бәсекеге Орал қаласы және Бөкей орда, Тасқала, Шыңғырлау, Бөрлі ауданы командалары қатысып, сынға түсті.

            Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2003-2004 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасындағы сында І орынды Бөрлі ауданы командасы алса, ІІ орынға Тасқала ауданы, ІІІ орынға Ақсай қаласының №5 мектеп командасы қол жеткізді. Ал 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы тартыста І орынды Ақсай қаласының командасы еншіледі. Бөкей орда спортшылары ІІ орынды қанжығаласа, ІІІ орынға Бөрлі ауданы командасы табан тіреді. 2003-2004 жылғы қыздардың ойынында І орын Орал қаласы командасының, ІІ орын Бөрлі ауданының, ІІІ орын шыңғырлаулықтардың қанжығасында кетті. 2005-2006 жылғы қыздар сынында Ақсай қаласы командасы І орынды алып қарсыластарын қапы қалдырса, ІІ орынды Орал қаласы еншіледі. Тұғырдың үшінші сатысынан Тасқала ауданы көрінді.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20190414-WA0012 IMG-20190414-WA0013

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале