30.12.2019, 15:43
Оқылды: 166

Бөкей ордасы ауданында пауэрлифтингтен мықтылар анықталды

Бөкей орда ауданында 2003-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында штанганы классикалық жатып сығымдап көтеруден аудандық ашық турнирі өтті.

orda (17)

Ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға 40-тан астам жас спортшы Хан Орда, Сайқын, Жиекқұм ауылдарынан және көршілес Қазталов ауданының спортшылары өзара сайысқа түсті.

orda (2)

Сайыс қорытындысында, қыздар арасында 32 - 44+ келі салмақта Зият Бисенғали, Әдемі Хамит, Ұлмекен Сағидолла, Дәния Дәулеткереева үздік спортшы атанды.

orda (3)

Қыздар арасында бірінші орынды хан ордалықтар жеңіп алды. Ал ұлдар 32 - 59+ келі арасында күш сынасты.

orda (4)

Алихан Жұматай (Жиекқұм), Бейбарыс Оразбайұлы (Жиекқұм), Оралбек Зайнуллин ( Хан Орда), Оралхан Қабдолғазизов (Казталов), Бақытжан Ерғалиев (Казталов), Оралхан Мұханбетқали (Хан Орда), Ернұр Бижанов (Сайқын), Ернар Байғұтты (Хан Орда) бірінші орынға ие болды.

orda (5)

Жалпы командылық есепте хан ордалықтар үздік атанып ал Казталов ауданының және жиекқұмдықтар ІІ-ІІІ орынды өзара бөлісті.

 

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале