6.09.2019, 11:47
Оқылды: 861

Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі және Бөрлі ауданы мәслихатының келісімімен Бөрлі ауданының әкімі болып Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды.

 Satkanov mini

Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы - 1977 жылы дүниеге келген. Білім жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Орал қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің жетекші маманы,

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, бастығының орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма) директорының (бастығының) орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарманың басшысы болып қызметтер атқарған.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале