19.04.2017, 16:36
Оқылды: 24

Экспедиция тобы Қазталов ауданында болды

 

Жоба жетекшісі «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры, профессор Әліби Баяхов, «Нарын» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Айболат Сейтақ, Ресей ғарыш академиясының  кеңесшісі, «Ресей ғарыш» журналының тілшісі Валентина  Полетаева қазталовтықтармен кездесті.

Экспедиция мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына баса назар аударды. Олардың айтуынша, жеріміздің  тарихы, соның ішінде Нарынмен  шектесіп жатқан аймақты өскелең  ұрпаққа насихаттау керек.

Сонымен  қатар  Кеңес  Одағы кезінде «Капустин-Яр» полигоны туралы айтылды.  Батыс Қазақстанда орналасқан зымыранға 70 жыл толды. Бұл бағытта атқарылатын шаралардың маңыздылығы зор деді қатысушылар.

Бұл мәселе  алдағы күндері БҚО-ның зымыран тарихының 70 жылдығына арналған  «Еуразиялық өзенаралық: өндіріс, ғылым және білім беру интеграциясы» VII халықаралық  интеграциялық  форумында  қозғалатын болады.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале