12.10.2017, 16:45
Оқылды: 14

Қаратөбе ауданында 126 адам жұмысқа орналасты

 

11 қазан күні Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 32 мекемеден 173 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге 177 жұмыс іздеуші азамат  жолығып, 126-сы жұмысқа орналасты. Оның ішінде жылыту жүйесінің операторы – 116 , киім ілуші – 8, бір хатшы және бір кіші қызметкер бар.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» І бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық  және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» аясында 35 жұмыссыз азамат арнайы оқу курстарынан оқып, оның 20-сы жұмысқа орналасты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале