БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды
5 Маусым 2023

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады
5 Маусым 2023

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды
5 Маусым 2023

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды
5 Маусым 2023

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті
5 Маусым 2023

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді
5 Маусым 2023

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді

«Қазақконцерт» Жаңақала төрінде

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт мемлекеттік ұйымының өнер сүйер көрермен үшін әсем сазды концерттік бағдарламасы өтті.

IMG_0030

Қазақконцерт - отандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұйым. Әуелеген әуезді кештің шымылдығы «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің «Арнауымен» түрілді. Одан әрі «Қазақконцерт: дәстүрлі және заманауи өнер» атты бейнефильм көрермен назарына ұсынылды. «Астана сазы» фольклорлық ансамбльнің орындауында Құрманғазы, Дина, Жаяу Мұсаның және Б.Ақтаевтың шығармалары жоғары деңгейде орындалды.

IMG_0023

Сондай-ақ аталған фольклорлық ансамбль мүшелері Ардақ Елеусіз, Нұркен Якияев, Дарын Құдайбергеннің күй шашуы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, құлақ құрышын қандыра домбыраның қоңыр даусына еліте тыңдады. Сонымен қатар домбыра, сырнай, қылқобыз, прима аспаптарымен сахна төріне шыққан жекелеген орындаушылардың өнерлеріне де тәнті болдық. Сахна толы көрерменнің қошеметіне бөленген фольклорлық ансамблі өз өнерлерін тәмамдап, А.Альмадиев, Ә.Дүйсенбай, П.Тұрарова халық әндері мен эстрада әндерін шырқады.

IMG_9960

Райым Уайыс пен «Меломен» тобы кештің сүйіктісіне айналып, әнімен көрермендерді би алаңына шығарды. Сазды кешті Қазақстанның халық әртісі Бағдат Сәмиденова «Қазақстан» әнімен аяқтады. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева аудан әкімі Дархан Закариннің атынан «Қазақконцерт» ұжымына алғысхатпен бірге сый сыяпат табыстады.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале