13.03.2018, 18:27
Оқылды: 18

Көктеректі кескен екі тұрғынға 60125 теңгеден айыппұл салынды

Жыл басынан бері орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Чапаев мемлекеттік мекемесі бойынша ел байлығын қорғауға байланысты 13 тексеріс жүргізілді.

Бұл шараның қорытындысымен 2 адамға хаттама толтырылды. Айталық, Ақжайық аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметімен бірлескен байқастауда аудан тұрғыны С. тоғайға 9620 теңге залал келтіргені анықталды. Ол 1 текшеметр көлемінде көктерек кескен.

Сөйтіп, оған ҚР Орман кодексінің 36-бабының 1-бөлігімен, ҚР ҚК-нің 340-бабының 2-бөлігімен 60125 теңге айыппұл салынды. Ал жуырда тағы бір бірлескен байқастау кезінде тұрғын Е. де Орман кодексінің аталған бабы мен бөлігін бұзған кезінде қолға түсті. Ол 7 текшеметр көктеректі кескен. Оған да 60125 теңге айыппұл салынды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале