24.05.2026, 13:00
Оқылды: 2

Құрманай – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Жуырда Азия чемпионатының Самбодан күміс жүлдегері атанған шағандық жерлесіміз Құрманай Махамбет Ақтау қаласынан туған жерге оралды. Спортшымызды Теректі ауданы әкімінің орынбасары Т.Сағынгереев, Жаңа Өмір ауылының әкімі Е.Исеев, спорт ардагері А.Ермухамбетов, мектеп директоры Гүлнұр Мұхитқызы, жаттықтырушысы Н.Уразалиев және ауыл тұрғындары зор құрметпен қарсы алды.

703676571_3307665522748652_4094474266571824312_n

Халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдені иеленген спортшымызға ақжарма тілектер айтылып, аудан әкімінің атынан алғысхат ұсынылып, ақшалай сыйлықтар беріліп,құрмет көрсетілді.

Жаңа Өмір ауылының спортшысы қазіргі таңда Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Ерлан Уналов атты бапкермен шынығады. 9-сыныпта оқитын Құрманай:

- Мен спортқа 4-сыныптан бастап қызығып келдім, содан бері айналысып келемін. Алғашқы жаттықтырушым - Нұржан Мыңжасарұлы. Республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып, шыңдалып жүрмін. 30-дан аса медалімбар. Болашақта осы салада оқып, спортты жалғастырамын,-деп, өз ойымен бөлісті жас спортшы.

Майра Нұрымжанқызы

«Теректі» спорт клубының әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале