7.08.2017, 16:27
Оқылды: 18

Өртенген электр бағаналары қалпына келтірілуде

Ақжайық ауданында өртенген электр бағаналары жаңасына ауыстырылуда.


Шабдаржап (Тайпақ ауылдық округі) елді мекеніне апаратын негізгі электр желісінің  бойында-ақ 27 бағана жанып кеткен-ді. Желі барынша тез қалпына келтірілді. «Біздің мамандарымыз ауа райының аптабына қарамастан, ауылдарды электр қуатымен қамтуға бар күшін салуда. Оралдан арнайы техника жұмыс жасауда»,- дейді Тайпақ аймақтық электр торабының басшысы Тимур Ғинуллин.

Сондай-ақ Ескіесім (Базаршолан ауылдық округі) елді мекені бағытына 34 жаңа бағана орнатылып, қуат берілді. Қазір аталған ауылдық округтің Жаманқұдығына электр жарығын беру үшін 28 бағана тұрғызылды, 42 бағана тағы әкелінеді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале