1.11.2017, 16:17
Оқылды: 14

Шыңғырлаулық кәсіпорын «Жыл көшбасшысы» атанды

IMG_9381«Шыңғырлаукомтехсервис» МҚК-ның республикалық деңгейде марапатталды.

Жуырда мекеме басшысы Ирмекбаев Мұрат Лиосовичке «Ұлттық бизнес рейтинг одағы» ұйым Одағы атынан және «Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнесрейтинг» ұйымдастыру комитетінің төрағалығымен «Лидер года-2017» (Жыл көшбасшысы-2017) ұлттық сертификаты тапсырылды. Бұл марапат жерлестеріміздің Республика бойынша ең үздіктер қатарында екенін көрсетеді.

-Бұл марапатты біздер осымен үшінші мәрте алып отырмыз. Бұған дейін, 2014 жылы «Сала көшбасшысы» атты марапат «Қазақстан кәсіпорындары арасында рейтинг алтыны» мәртебесімен (суды жинау, өңдеу және тарату бойынша) «Даму динамикасы» номинациясында берілген еді. Екінші жолы, 2016 жылы «Жыл басшысы»  атымен берілген марапат басқару ісіне қосқан өзіндік үлесі, айтулы еңбек жетістіктеріне жеткені үшін, кәсіби біліктілігі мен компания және ұжым мүддесіне адалдығы үшін деген бағытта кәсіпорын басшысы ретінде маған берілді. Енді биыл  «Лидер года-2017» ұлттық сертификаты «Қазақстан рейтингінің алтыны» мәртебесімен (суды жинау, өңдеу және тарату бойынша) «Салық сомасы» номинациясы бойынша беріліп отыр,-дейді мекеме басшысы Мұрат Ирмекбаев.

Бүгінде, аудандағы таза ауыз сумен қамту жұмысы шын мәнінде нақты жолға қойылды. Аудан бойынша 14986 тұрғынның 12456-сы таза ауыз суымен қамтылған, яғни, аудан орталығында 2100 аула, ал ауылдық жерлерде-2052 аула ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл аудан халқының 83,1 %.

Кәсіпорынның қызмет көрсету саласы болып табылатын жол тазарту, абаттандару, жылумен қамту мәселелері де бүгінде тұрақты жұмыс жасап тұр.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале