19.11.2019, 18:44
Оқылды: 33

Шыңғырлаулық оқушылар жүлдемен оралды

 Шыңғырлау аудандық саз мектебінің оқушылары Орал қаласынан жүлдемен оралды.

 SERPIN MEKTEP

«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» атты байқауда «Аспапта ойнау» аталымы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен Алина Аюпова І орынға ие болды.

Алина енді келер жылы Алматы қаласында өтетін Ххалықаралық байқауға қатысады.

Аталмыш байқауда Айым Абай ІІ орын, Аружан Хайырмұханова ІІІ орын, Нұрия Тұрмағамбетова дипломант атанса (жетекшісі Г.Умралиева), Саз мектебінің тағы бір оқушысы Назар Миранков ІІ орынды иеленді (жетекшісі А.Қалиев). Әр оқушы тегін жолдамаға қол жеткізумен қатар Қырғызстан мен Өзбекстанда өтетін фестивальге байқау жарнасын төлемей бақ сынауға шақырту алды.

Мектептің ұстазы Гүлстан Умралиева жас дарындардың шеберлігін шыңдауға үлес қосқаны үшін «Бақытты елдің ұрпағы» қорының бас директоры Қ.Төлеуғалиеваның атынан алғыс хат алып, «Үздік тәлімгер» төсбелгісімен марапатталды.

Г.Жұмағазиева

Шыңғырлау аудандық балалар

саз мектебінің директоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале