16.09.2019, 16:36
Оқылды: 303

Сырымдық жастар облыстық спартакиададан жүлделі оралды

Ақсай қаласындағы Қарашығанақ спорт кешенінде облыстық V жұмысшы жастар спартакиадасы өтті.

Ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев пен Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Мейірбек Нұркен сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл спартакиадада Теректі, Жаңақала, Сырым, Жәнібек, Бөкей ордасы, Бөрлі аудандарынан келген командалар жағажай волейболы, шағын футбол, қол күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, үстел теннисі, эстафета, садақ ату, диск лақтырудан сынға түсті.

99d007d2-31af-4e54-b112-8e316fc70b79

Аудан намысын қол күресінен Сайлан Сапарғалиев қорғап, 1-орынды иемденсе, жеңіл атлетикадан ерлер арасында Нұрлыхан Бекежан 1-орын, әйелдер арасында аудандық «Сырым елі» газетінің тілшісі Айжан Амангелдина 3-орын алды. Қазақ күресінен Мирас Құлмұрзин 1-орын, үстел теннисінен әйелдер арасында Айкөркем Халидуллина 2-орын, жағажай волейболынан 2-орын, садақ атудан ерлер арасында Мейірбек Қанатов 1-орын, Айкөркем Халидуллина диск лақтырудан 2-орын иеленді.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Жалпы командалық есепте Сырым ауданының жастары 2-орынға табан тіреді.

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале