1.11.2017, 15:06
Оқылды: 13

Тасқала театры жүлделі оралды

Жуырда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында Киров халықтық театрының 50 жылдығына арналған «Театр сарқылмас қазына» атты аймақтық театрлар фестивалі өткен болатын. Аталмыш фестивальге Тасқала аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық  театры да қатысып, жүлделі үшінші орын алып қайтты.

Фестивальде әр аймақтан келген жеті халықтық ұжым бақ сынады. Біздің аудан өнерпаздары өзбек  драматургі  Саид Ахмадтың (қойылым режиссері Ботагөз Сарсенова) «Келіндер  көтерілісі» комедиясын сахналап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Бүгінде аудан көркемөнерпаздары мен халықтық театрдың жеткен жетістіктері мен алған жүлделері аз емес. Мәселен, былтыр Тасқала ауылының төрінде өткен аймақтық фестивальде «Хан Кененің арманы» атты тарихи драманы сәтті сомдап, «Тарлан театры» аталымын жеңіп алған болатын.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале