28.08.2019, 18:33
Оқылды: 77

Тасқалалық ұстаздар марапатталды

Тасқала ауданында «Жаһандық жаңалықтар және қазақстандық білім мен ғылымның сапасы» тақырыбында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды.

tamyz tasqala (2)

Шараға облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы С.Темірғалиева, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалива, аудандық білім бөлімі басшысы Т.Шакиров, сонымен қатар бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, білім беру саласында көп жыл бойы қызмет атқарған ардагер ұстаздар, мектеп басшылары мен мұғалімдер, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы, құқық қорғау, мәдениет ұйымдарының басшылары қатысты.

Кеңесті аудан әкімі орынбасары Люция Әсетқызы ашып, сала қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтап, ұстаздарды жаңа оқу жылында жаңаша қарқынмен жұмыс істеуге шақырды.

tamyz tasqala (4)

Кеңес барысында Ақтау мектебінің директоры Баян Ирғалиева «Мектеп мәдениеттің қалыптасуындағы құндылықтардың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Қ.Сәтбаев атындағы мектептің ардагер ұстазы Үміт Валиеваның «Ұрпақ сабақтастығы - ұлттық құндылық» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалса, С.Жақсығұлов атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Дәурен Сапақов «Ел ертеңі-білімді жастар» тақырыбында баяндама жасады.

tamyz tasqala (5)

Жиында «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Амангелді мектебінің директоры Айман Оразалиева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен «Сәулет» мектеп лицейінің директоры Жанболат Айтжанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен Ақтау мекбетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсайын Берқалиев марапатталды. Сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хаты, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен бірнеше ұстаз марапатталды.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале