8.07.2021, 16:03
Оқылды: 36

Туристер жеңіс тұғырында

Жуырда Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен спорттық туризм республикалық федерациясының ұйымдастыруымен жаяу және велотуризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

8A6F482A-8FF8-4AAB-A1B4-696E16BC87E9

Жас буын арасында туризм спортын дәріптеу, велотуризм техникасын шыңдауға септігін тигізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жарысқа Бәйтерек аудандық туризм орталығының тәлімгерлері Қанағат Белгиев пен Жалғас Гумаров жетекшілік ететін Бәйтерек ауданының құрама командасы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Петропавл қаласында өткен жарыста Белес ауылдық округінен Ерасыл Жолдығали, Ульян ауылдық округінен Жалғас Аяп пен Эльдар Гумаров бақ сынады. Бірнеше кезеңнен тұрған бәсеке қорытындысында бәйтеректік өрендер вело және жаяу туризм сайыстарының жалпыкомандалық бірінші орынын иеленді. Сондай-ақ жеке дистанцияда додаға түскен спортшылар алдыңғы қатарлардан көрініп, жүлделі болды. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Спортшыларға, қолдау көрсеткен ата-аналар мен мектеп ұжымына туризм орталығы ерекше алғысын білдіреді.

Бұл жарыс ауданда туризм спортының жақсы деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Өрендер аға буын өкілдері салып кеткен сара жолды жақсы жалғастырып келеді. Болашақта халықаралық, әлемдік сындарда бағымызды сынағымыз келеді, - дейді команда жетекшісі Қанағат Белгиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале