28.08.2019, 16:03
Оқылды: 61

Туу туралы куәлік берілді

Конститутция күні қарсаңында дүние есігін ашып ата-анасына қуаныш сыйлаған Ерасыл Төлегенге салтанатты түрде туу туралы куәлігі табыс етілді.

tasqala (3)

Аталған шарада табыс ету рәсімін Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева жүргізіп, мереке қарсаңында дүниеге келген сәби мен оның анасына жылы лебізін жеткізді.

Ерасылдың анасы Әйгерім Маханованың айтуынша, Ерасыл араға сегіз жыл салып бір ұл, бір қыздан кейін қуантып келген үшінші сәбилері екен. Қазіргі таңда жолдасы Атырау қаласында жұмыста болса, өзі бала күтімімен үйде отыр.

tasqala (1)

- Бүгінгі шараға аудан әкімшілігінен шақырту алғанымызға қуаныштымыз. Қазақ елінің әрбір шаңырағында еліне пайдасы тиер сәбилер дүниеге келе берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, шаңырағымыз шаттыққа бөленсін,- деген Тасқала ауданы екінші Шежін ауылының тұрғыны Әйгерім Маханова аналық ақ тілегін жаудырды.

tasqala (2)

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале