19.07.2017, 17:49
Оқылды: 18

Зеленовта жыл басынан бері 75 қылмыстық іс қаралған

Зеленов аудандық №2 сотында алты ай бойы атқарылған сот жұмыс хақында брифинг өтті.


БАҚ өкілдері мен сот қызметкерлері қатысқан  жиында  сот төрайымы Шара Зайнуллина алғашқы жарты жылдықта атқарылған жұмысты баяндап, азаматтық, пен әкімшілік істер санын жариялап, тергеу судьяларының қатысуымен істерді қарау жөніндегі  жайттарға кеңінен тоқталды.

- Есептік кезеңде сотта 75 қылмыстық, 196 азаматтық, 351 әкімшілік іс қаралған. Соның ішінде 71 азаматтық іс жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу  тәртібімен тоқтатылып, 21 қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен  қаралды,- дейді Ш.Зайнуллина.

Сонымен қатар жергілікті  тұрғындар  арасында  «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі кеңінен пайдаланылған. Сервис арқылы сотқа түсетін талап арыздар мен өтініштер саны артқан.

Гүлжан  АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале