13.12.2019, 15:31
Оқылды: 67

"Жас кәсіпкер"жобасының түлегі кәсібін бастады

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған "Жас кәсіпкер"жобасына Бөкей ордасы ауданынан 43 жас қатысып, кәсіпкерлік негіздерін үйренген болатын.

orda (1)

 Аталмыш жобаның кезекті түлегі сайқындық Жанерке Ғұбашева бүгін донер орталығын ашып, ауылдастарына мереке қарсаңында тамаша сый жасады. Мұғалімдіктен кәсіпкерлікке қадам басқан жерлесіміз донер орталығын ашуды көптен бері мақсат етіпті.

 -Жеке бизнесімді бастасам деп армандайтынмын. Аспаздық салаға бейім болғасын тамақтану орнын ашамын деп шештім. Осы жоба аясында бөлінген қаражатқа донер, коктейль жасауға арналған құралдарды сатып алып, күйеуім екеуміз ғимараттың ішіне жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Мерекеге орай түрлі акцияларды ұйымдастыруды қолға алмақшымыз, - дейді Жанерке Ғұбашева.

Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова, Сайқын ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұргүл Омарова, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Медет Әнесовтер арнайы келіп, құтты болсын айтты. Игі істің жалғасы болсын деген Жанеркенің ата-әжесі ақ баталарын беріп, тілектестігін білдірді.

Айта кетелік, ас мәзірінде негізгі тағам донермен қоса, фри, коктейльдің бірнеше түрі, самса тағы басқасы бар.

Арай Марат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале