10.12.2019, 15:58
Оқылды: 54

Жемқорлыққа қарсы жиын өтті

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің мәжіліс залында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өткен аталмыш жиынға бірқатар мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

orda (1)

Отырыста жемқорлықтың залалы мен оған қарсы атқарылған жұмыстар, жемқорлықпен күрес жолдары талқыланды.

-Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ең тиімді құрал -  автоматтандыру болып табылады, бұл адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсыры бойынша Қазақстан сандық салаға көшуге кірісті. Еліміздегі барлық қызмет салалары толығымен электронды қызмет көрсетуге көшкен жағдайда, қызмет көрсетудің тиімділігі артып, тұрмыстық деңгейде сыбайлас жемқорлық қысқара түседі,- деді Лариса Қайырғалиева.

 Ал "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің орынбасары Исатай Құрмашев ауданымызда жоба бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтсе, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев "Қазақстан – 2050" стратегиясын жүзеге асыру және партия тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Өз кезегінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жұбан Ғұмаров та білім саласындағы жемқорлық көріністердің алдын алуға, оны болдырмауға, педагог мәртебесін түсірмеуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

 -Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында «Бала және Заң» апталығы өтіп, барлық сыныптарда құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық білімдерін арттыру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда тәрбие сағаттары «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» тақырыбымен әңгіме түрінде өтсе, 9-11 сынып оқушыларына «Құқық әлемінде», «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі туралы», «Заң білмеген зиян шегеді» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді,-деді Жұбан Ғұмаров сөз түйінінде.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале