12.06.2017, 18:15
Оқылды: 18

Жергілікті мешітке сый жасады

Рамазан айы басталғалы қаратөбеліктер ізгі істердің ұйытқысы болып келеді

Атап айтсақ, өткен аптада аудандық мешіт ауласындағы киіз үйде аудандық білім беру бөлімі, Мұхит атындағыорта мектеп, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, жергілікті кәсіпкерлер, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Құсайын Мұқанов аузы берік жандарға арнап, ауызашар дастарқанын жайды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген дана халқымыз. Рамазан айында сауапты іс жасап, Алла үйіне қаржылай көмек қолын созған жандар қатары баршылық.

Атап айтсақ, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұжымы Рамазан айында аудандық мешітке заманауи үлгідегі ноутбук сыйлығын тарту етті. Сонымен қатар Сәбит Хасанов және Қаратөбе мектеп-гимназиясы қаржылай көмек қолын созды.

         Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале