29.10.2015, 15:15
Оқылды: 14

Баға тұрақтылығы бақылауда

 

бага (2)Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов бастаған  жұмысшы топ халық тұтынатын тауарлардың бағасын бақылау мақсатында  аудан орталығындағы ірі сауда орталықтарында  болды.

«Теща», «Бәйтерек», «Самат», «Вита» дүкендерінде болған топ мүшелері сауда орындары басшыларымен, сатушылармен кездесіп, бағаның  өсу қарқыны туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Қалияр Шадиярұлы оларға барлық құжаттарының дұрыс болуы  жөнінде ескертіп, аудандағы бағаның тұрақты болуына назар аударды.

Бүгінгі таңда аудандағы сауда орындарында сатылатын тауарлар бағасы  төмендегідей: бірінші сортты нан - 50 теңге, қанттың келісі - 200 теңге, бірінші сортты ұнның келісі - 62 теңге, өсімдік майының литрі - 315 теңге.

  www.zhaikpress.kz

Ө.БЕКЕНИЯЗОВ,

аудандық кәсіпкерлік

бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале