2.06.2016, 11:54
Оқылды: 23

Жасақ құрамы 3 сүңгуірмен толықты

????????????????????????????????????

    Ақжайық, Жаңақала және Қазталов аудандарын қамтитын ауданаралық жедел құтқару жасағының штаты 3 сүңгуірмен толықты. Осы ұжым құрамымен жазғы кезеңдегі қам-қарекет, суға түсу маусымына байланысты қауіпсіздік шараларын пысықтау мақсатында Чапаевта облыстық жедел құтқару жасағының басшысы Асқар Килешев болды.


   Ол Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановпен жүздесіп, тұрғындардың өзен-көлдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға байланысты тиісті қызметтермен бірлескен іс-қимыл, төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда адамдарға алғашқы медициналық көмектің дайындығы жайында әңгімелесіп, пікір алмасты.

    - Жасақтың 3 сүңгуірмен толықтырылғанына қуаныштымыз,- дейді ауданаралық жедел құтқару жасағының басшысы Марат Қабақаев. - Олар барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Өзен-көлдерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, тұрғындарды мысалы, құтқару құралдарымен жүйелі түрде таныстыра отырып, судағы сақтық дәрістерін өткізу енді әлдеқайда өрістейді. Ауылдарда суда болу ережесіне қатысты машықтану, қауіп туа қалған жағдайда құтқару жөнінде жаттығулар өткіземіз.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале