3.07.2015, 13:14
Оқылды: 18

Жаңақалада жаңа дүкен ашылды

Janakalada jana dyken    Жаңақала ауданының кәсіпкерлері 6 айда ауыл шаруашылық қолдау қорынан 146,5 млн. теңге несие алған.  Оның ішінде Көпжасар округінің 10 кәсіпкері 49,36 млн. теңге несие алып отыр. Бұл 33,6 пайызын құрайды.

Көпжасарлық жеке кәсіпкер О.Рамазанов 5,8 млн. теңге несие алып, 3 шілде күні «Ернар» деп аталатын азық-түлік, шаруашылық-құрылыс  дүкендерін ашты. Ол 10 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Болашақта автокөлік жөндеу цехын ашып, кәсіпкерлігін кеңейтуді көздейді.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале