1.04.2016, 16:40
Оқылды: 24

Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесі іске кірісті

Janakala kogamdik kenes iske      Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Абуғалидың төрағалығымен  аудандық  қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Сонымен қатар кеңес жұмысына аудан әкімі Л.Хайретдинов қатысты. Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің жылдық  жоспары,  кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру, комиссия төрағаларын сайлау және төралқа құрамын сайлау секілді  мәселелер қаралды.


         Отырыстың күн тәртібіндегі бірініші мәселеге орай аудандық қоғамдық кеңес хатшысы Т.Жанболатов хабарлама жасап, кеңес мүшелерін  жылдық жоспардың жобасымен таныстырды. Осы мәселе бойынша кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтып, ұсынылған ұсыныстар  кеңес мүшелері тарапынан қолдау тауып, қоғамдық кеңестер туралы Ережеге сәйкес Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің жылдық жұмыс жоспарына кеңес мүшелерінің ұсыныстары енгзіліп, бекітілсін деп шешім алынды.

        Сондай-ақ, кеңестің екінші мәселесі бойынша Талғат Жанболатов кеңестің қызмет бағыттары бойынша: Қоғамдық мониторинг, тыңдау, сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу, есептерді тыңдау және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жөніндегі комиссия; Халықтың әлеуметтік мәселелері, әлеуметтік бағдарламаларды бақылау,  денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері жөніндегі комиссия; Ауылшаруашылығы, экономиканың нақты секторы мен кәсіпкерлікті дамыту және төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия; Құқық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимыл, жемқорлықтың алдын алу және тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиялар құруды ұсынды. Бұл ұсыныста қабыл алынып, аталмыш комиссиялар құрылғандығы жөнінде шешім қабылданды.

  Келесі кезекте аудандық қоғамдық кеңес хатшысы Ш.Абуғали кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссиялардың төрағалығына  кеңес мүшелерінің кандидатураларын ұсынды. Ұсынысты кеңес мүшелері бір ауыздан қолдап,  Сисенғали Закария  қоғамдық мониторинг, тыңдау, сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу, есептерді тыңдау және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланса,  Әлихан ДосмұхамбетовХалықтың әлеуметтік мәселелері, әлеуметтік бағдарламаларды бақылау,  денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Ал  ауылшаруашылығы, экономиканың нақты секторы мен кәсіпкерлікті дамыту және төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы болып Ермек Меңдіхан, Құқық қорғау құрылымдары мен өзара іс-қимыл, жемқорлықтың алдын алу және тәртіп мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Аршат Бисеновсайланды.

     Кеңес соңында қоғамдық кеңестің төралқа құрамына ұсынылған қоғамдық кеңес мүшелерінің кандидатураларымен таныстырды. Ұсынылған төралқа құрамын кеңес мүшелері орынды деп тауып, нәтижесінде Ш.Абуғали,  Т.Жанболатов, З.Сисенғали, Ә.Досмұхамбетов, Е.Меңдіхан, А.Бисенов және Р.Саматов қоғамдық кеңес төралқалары  болып сайланды.

www.zhaikpress.kz

Н.ҒАББАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале