8.06.2015, 13:35
Оқылды: 34

Жеңіспен оралған жасөспірімдер

Janakala oblistik baikaudan    Орал қаласында   қалалық мәдениет және демалыс саябағында  5 маусым  күні  облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты «Гүлдер әлемі» фестивалі  өткен болатын. Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын насихаттау балалар мен жасөспірімдер экологиялық білімінің белсенді түріне тарту, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелей отырып, гүл табиғаттағы ең нәзік жаратылысы тазалық пен әсемдікке баулуды мақсат еткен облыстық мектептер, кәсіптік мектептер,  мектептен тыс тәрбие  беретін ұйымдардың атынан  барлығы 120  оқушы қатысты.

Жаңақала ауданы атынан 4 номинация бойынша 4 оқушы қатысып, аудан намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, фестивальге «Бір шаңырақ астында» бағамы бойынша  МТЖО атынан қатысқан Өтеғұл Әдемі ІІ орын, «Қол ұстасайық достар» бағамы бойынша  қатысқан №3 ЖОББ қазақ мектебінен Нәсіпқалиева Инабат ІІІ орын, «Біз біртұтас халықпыз» бағамы бойынша МТЖО Сағидуллин Мерлан, «Достық гүлдер» бағамы бойынша Пятимар ЖОББОМ  атынан Ғалымжанов Замир «Алғыс хатпен»  марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале