16.09.2016, 16:04
Оқылды: 23

Облыс әкімі Кәкен Көбейсіновті қабылдады

 akim-1-kabildau Облыс әкімі Алтай Көлгінов 85 жас мерейтойы құрметіне еңбек ардагері, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудандарының «Құрметті азаматы» Кәкен Көбейсіновті қабылдады.


  – Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткелі отырмыз. Бүгінге дейін егемендігіміздің нығаюына бір кісідей үлес қостыңыз. Елбасымыздың салиқалы саясатын көпке насихаттап жүрсіз. Ел алдында беделіңіз зор, еңбегіңіз жастарға үлгі. «Нарын» қозғалысы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі ретінде әскери сынақ полигоннан зардап шеккен аудандар тұрғындарының мұң-мұқтажын Елбасыға жеткіздіңіз. Көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына септестіңіз. Мәселен, сіз көтерген бастаманың арқасында Жаңақала ауданаралық оңалту орталығы салынғаны белгілі. Әлі күнге дейін баршаны бірлікке шақырып отырасыз, – деді облыс басшысы есімі елге кеңінен танымал қарияны жылы шыраймен қарсы алған соң.

  «Елбасының қабылдауында бірнеше мәрте болдым. 2005 жылдан бастап полигон әсерінен денсаулығы нашарлаған жандарға әлеуемттік жәрдемақы тағайындалды. Тұрғындардың тілегін елеп-ескерген Президентке халық атынан зор ризашылық білдіремін», – деді Кәкен Көбейсінов.

  Еңбек ардагері бұрынғы Орда, Жәнібек, Фурманов шаруашылықтарында еңбек етті. 1990 жылдан бастап «Нарын» қоғамдық қозғалысына жетекшілік етті. Оның қайраткерлік әрекеті ядролық сынақ жүргізілген Капустян Яр және Азғыр полигондары аймақ тұрғындарына орасан зор кесел әкелгенін дәлелдеуге мұрындық болды. Төрт мәрте облыстық мәслихат дептутаты болып сайланды.

Нуртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале