3.10.2016, 12:20
Оқылды: 47

Оралман мәртебесін алу туралы хабарлама

oralman   Соңғы уақытта оралман мәртебесін өткізіп алу мәселесі бойынша сұрақтар көбеюіне байланысты, Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы оралман мәртебесін өткізіп алған этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта беру кезінде төмендегіні ескертеді:


  - оралман куәлігі емес, анықтама ретінде (мөрмен расталған, 3х4 фотосуреті бар) беруді;

   - анықтама мерзімі 6 ай;

  - анықтамада этникалық қазақтың міндеттемесін көздеу (яғни, анықтама берілген күннен бастап 6 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасына тиісті құжаттарын тапсырып үлгеру);

- анықтама тек қана Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасына тапсыру үшін.

         Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының құзыретті қызметкерлерін оралман мәртебесін өткізіп алған этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) беру үшін оралман мәртебесі қайта берілетіні туралы хабарлайды.

 

БҚО ІІД КҚПБ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале