3.10.2016, 12:20
Оқылды: 21

Қазталовта өзендерге су жіберілуде

%d3%a9%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d1%81%d1%83-%d0%b6%d1%96%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb%d1%83%d0%b4%d0%b5               1 қазан күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов  Бостандық, Қараөзен, Көктерек  ауылдық округтеріндегі Қайып, Қазталов-2, Қаракөл, Автобаза және тағы да басқа су қоймаларының жағдайымен танысты. Бастауын Ресейден алатын Қараөзен мен Сарыөзен өзендеріне қазіргі таңда су жіберілуде. Осыған орай олар жіберіліп жатырған суды тиімді пайдалану, бөгеттердің суды тиісінше жіберуі сынды жұмыстардың жәй-күйін бағдарлады.

-Жалпы ауданымыз биыл судан таршылық көрген жоқ деп айтуға негіз бар. Шабындықтар мен мал жайылымының шөп шығымы да ойдағадай болды. Енді келер жылы да судан таршылық көрмеу үшін өзендерге  жіберіліп жатырған суды тиімді пайдалана білуіміз керек, - деді аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы.

Мөлдір Әнуарбекқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале