5.01.2016, 13:35
Оқылды: 20

116 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді

Akim songisi02   Автожолдар бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордың нысаналы трансферттері есебінен республикалық маңызы бар «Орал-Каменка-РФ шекарасы (Озинки)» автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жолды қайта жаңарту жұмыстары басталды және 11 км астамжол жөнделді.


Бұған қоса, 2015 жылы облыстың автожолдарын күрделі, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін  5,5 млрд.теңге бөлінді.

Анықтама ретінде: Аудан орталығы Шыңғырлау ауылына дейінгі 17 шақырым автожолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жаңақала ауылы бағыты бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда, оны 2016 жылы аяқтау жоспарлануда (жалпы ұзындығы 37 шақырым).

«Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «Жымпиты-Қаратөбе», «Ақсай-Шыңғырлау», «Аңқаты-Сарыөмір», «Орал-Кирсанов», «Бұлдырты ауылына кірме жол» автожол бағыттарында жөндеу жұмыстары атқарылды.

Жалпы алғанда ұзындығы 116 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале