18.07.2019, 10:21
Оқылды: 314

Батыс Қазақстан облысының компаниясы сатып алуларда жергілікті мазмұнның үлесін ұлғайтуда

КПО б.в. Алматы қаласындағы зауыттан құны 11 млн. АҚШ доллардан асатын жоғары технологиялық жабдықты сатып алды.

1-1

Облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің  Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Ақсай қаласы үшін электр техникалық жабдығын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып саналатын "Schneider Electric" компаниясы 5 заманауи трансформаторлық қосалқы станциясы көрсетілді. Бұл іс-шара маңызды оқиға болып табылады, себебі тағы бір ірі шетелдік инвестор тартылды..

- 10 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жаңа инвестициялар мен технологияларды тарту үшін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске қосты. Сол уқаыттан бастап шетелдік компаниялар біздің елде белсенді қызмет ете бастады. Осы бағдарлама аясында жүздеген жаңа кәсіпорындар іске қосылды, онда қазіргі заманғы өнімдер шығарыла бастады, қазақстандық мамандар жаңа басқару мен менеджмент бойынша білім алуда. Біз осындай зауыттардың бірінде тұрмыз, неміс компаниясы Алматы қаласында кәсіпорын ашу туралы шешім қабылдады.  2017 жылдың күзінде БҚО делегациясы Алматы қаласының бірқатар кәсіпорындарын аралап, КПО б.в. консорциуамына тауарларды ұсыну бойынша бірнеше келісімшартқа қол қойды.  Бүгін біз осындай өңіраралық ынтымақтастықтың нәтижесін көріп отырмыз, - деді облыс әкімі.

Ғали Есқалиев атап өткендей, кеше ғана Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев облыс әкімдеріне мемлекеттік сатып алу мен ірі компаниялардың сатып алуларындағы жергілікті мазмұнды арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

- Біз екі жылдық жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Тауарлардың аталған санаттары бойынша қазақстандық өнімнің үлесі 65%-ті құрайды. Бұл бұрын елімізде шығарылмаған жоғары технологиялық жабдық болып табылады, - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі аталған зауыттарда жұмыс істейтін қазақстандық техникалық мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, шара барысында "Schneider Electric" компаниясының Орал трансформатор зауытымен ынтымақтастығының келешегі талқыланды. Сонымен қатар, өңіраралық ынтымақтастық аясында БҚО-ға өз өнімдерін отқа төзімді арнайы киімдерді тігу жөніндегі алматылық компания да белсенді түрде жеткізіп жатқаны белгілі болды.

bko.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале