17.07.2017, 10:14
Оқылды: 83

Жарасхан Сағынбаев - халықаралық турнирдің жеңімпазы

Togizkumalak   Чехияның Пардубице қаласында өтіп жатқан "Czechopen - 2017" халықаралық зияткерлік ойындар фестивалінде бүгін батысқазақстандық спорт шебері Жарасхан Сағынбаев тоғызқұмалақ жарысында жеңімпаз атанды.

     Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері Дәулет Әбдікәрімовтің айтуынша, Жарасхан ерлер арасында тоғызқұмалақтың классика түрінен үздік шықты.

  Бұл турнирдің деңгейі жоғары болғаны сондай, оған 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 спорт шебері қатысуда. Тағы бір батысқазақстандық спорт шебері Әсет Қайыржанов блицтен үшінші орынға ие болды. Ертең тоғызқұмалақтан жастар арасындағы жарыс басталады. Оған Ә.Қайыржанов қатысып, бақ сынайды.

         19 шілдеде мәреге жететін аталмыш фестивальде тоғызқұмалақ, қазақ бестемшесі, түрік мангаласы, овари және басқа ойындардан сексенге жуық спортшы тіркелген. Еске сала кетейік, биыл Қызылорда қаласында ҚР ІV жазғы спорт ойындары аясында тоғызқұмалақтан өткен жарыста Ж.Сағынбаев чемпион атанып, БҚО құрамасы командалық есепте үшінші орынға көтерілген болатын.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале