8.09.2018, 17:56
Оқылды: 65

Оралда қала күніне орай саябақ ашылды

Қала күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әмбебап дүкен» ауданында саябақ ашылды.

оцын3

 Ересектер мен балаларға арналған бұл орынды Валерий Голоухов басшылық ететін «Автокомбинат» ЖШС сыйға тартты. Салтанатты түрде ашылуына Қала күніне келген РФ-сы мен Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларынан келген қонақтар, аудандардың басшылары қатысып, қала әкімі Мұқаев пен В.Голоухов сөз сөйледі. Шаһар басшысы өз сөзінде тынымбақты тұрғындар игілігіне пайдаланып қана қоймай, күтіп ұстаулары қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ серіктестік басшысы мен ұжымына алғысын білдірді. В.Голоухов айтып өткендей, бұл жұмысқа 60 млн. теңге қаражат жұмсалған. Тынымбаққа Ресей елінен әкелінген отыз шақты орындық қойылып, арнайы газон төселген. Ал ойын алаңына резеңке төсеніш төселген. Бұл жерді ашық аспан астындағы спорт зал десе де болады. Мұнда балаларға, спортшыларға арналған воркаут та бар. Көз тартатын әткеншектер мен сырғанақтар қойылған.

Ясипа РАБАЕВА,

Zhaikpress.kz

ойын ойын2 ойын3

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале